Алматы облысының полиция департаменті қыздың өлімі туралы ақпаратты растады.
«Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», — деп хабарлады департамент.
Сондай-ақ, марқұм әйелдің Алматы облысы Іле ауданында тұратыны белгілі болды.
Айта кетейік, Алматыда 24 маусымда әйел аттракционнан секіріп, қаза тапты. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде хабарлап, оқиға орнынан видео таратты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әйелдің жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын хабарлады.