Ведомство мәліметінше, 13-14 ақпан аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі еріген және тұрақсыз қар жамылғысына байланысты тауларда қар көшкіні қаупі жоғарылайды.
«Қар көшкіні жүруі мүмкін болғандықтан, қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауларда сақ болыңыз», — делінген хабарламада.