Алматы қаласы Жандосов көшесі, 51 мекенжайында орналасқан Әуезов аудандық ХҚО ғимаратының 2-ші қабатында онлайн форматта рәсімделген дайын құжаттарды беру секторы жұмыс істейді. Мұнда «көлік құралдарын тіркеу» және «жүргізуші куәліктері» бойынша дайын құжаттарды алуға болады.
«Қала тұрғындары онлайн рәсімдеген құжаттарын алысқа бармай, қала орталығынан алу үшін арнайы сектор аштық. Мұнда көлік құралдарына қатысты онлайн рәсімделген құжаттардың дайын нұсқасын алады. Осылайша, көлік иелері уақытын үнемдейді. Қала тұрғындары оның қолайлылығын сезініп те жатыр. Бір ай ішінде мұнда 2 мыңға жуық (1787 құжат. Оның 771-і көлік құралын мемлекеттік тіркеу бойынша, 1016-сы жүргізуші куәліктері) автокөлік иелері өз құжаттарын алды», — делінген хабарламада.
Дайын құжаттарды беру секторы дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы 9:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
Алматы филиалының автокөлік иелеріне жасаған жағдайлары тек бұл ғана емес. «AllurAuto», «Хюндай», «Mycar» «Aster auto» «Chanqan» сияқты 9 автосалонда АвтоХҚО мамандары көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу бойынша құжаттарды қабылдап отыр.