Қалалық құтқарушыларға жоғалғандарды іздеу үшін бір сағатқа жетер-жетпес уақыт қажет болды.
2005 жылғы екі жігіт ТЖД-ның кезекші пультіне хабарласып, өздерінің адасып кеткенін хабарлаған. Сондай-ақ өздерінің қай жерде тұрғанын көрсетіп, тауда түсірілген видео жолдаған.
«Оқиға орнына келгеннен кейін құтқарушылар жас жігіттердің бірі аяғын жарақаттап алғанын анықтады. Құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды», — делінген хабарламада.