ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы мәліметінше, 23 қаңтар мен 29 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша 2405-тен аса әлсіз афтершок тіркелді, олардың тек 12-сі Алматыда сезілген — 2 балл.
«Бұл ошақта жер сілкінісінен кейін афтершоктар бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр, бұл да табиғи құбылыс, бұл процестің қанша уақытқа созылатынын айту қиын. Бұл көптеген факторға байланысты болады: жер сілкінісінің эпицентрі орналасқан аймақтың сейсмикасы, жер қыртысының геологиялық құрылымы, тектоникалық ерекшеліктері және басқа параметрлер. Бірте-бірте сейсмиканы белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады», — делінген хабарламада.