Бағдарламаға қатысушыға несие беру шарттары:
— несие сомасы — 10 000 000 (он миллион) теңгеге дейін;
— бастапқы жарна – негізгі тұрғын үй үшін 0%, қайталама нарықтағы тұрғын үйге және жер үй үшін 10%, жеткілікті кепілдік шартымен;
— жылдық пайыздық мөлшерлеме — 5%-ға дейін (бес пайыз);
— қарыз мерзімі — 19 жылға дейін;
— сатып алынатын тұрғын үй – Алматы облысындағы жаңа/қайталама нарықтардағы және жер үйлер;
— кепілдікті қамтамасыз ету — сатып алынатын тұрғын үй болып табылады. Кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жылжымайтын мүлік немесе банктегі бағдарлама қатысушысына немесе өзге үшінші тұлғаға тиесілі тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі қосымша кепіл қабылданады;
— сатып алынатын тұрғын үйдің құны — шектеусіз;
— төлем қабілеттілігін растау — банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүргізілетін кредиттік тұрғын үй сатып алу үшін салымшы болып табылатын бағдарламаға қатысушының қаржылық мүмкіндіктерін айқындау.
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
— Қазақстан Республикасының азаматтығы;
— Алматы облысында кемінде 1 жыл тұрақты тіркеудің болуы;
— жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан, бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген кездегі бағдарламаға қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде қатысуға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана рұқсат етіледі;
— бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 (бес) жылда Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің (ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі, өтінішке енгізілетін отбасының басқа мүшелерімен бірлесіп ортақ үлестік меншік) болмауы;
— қатысушының таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі Алматы облысында өтініш берген сәтте соңғы бір жылдан кем емес, зейнетақы шотынан көшірмемен расталуы керек.
Үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:
— азаматтық хәлін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бала туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу;
— өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша отбасының барлық мүшелерінде жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама; (анықтама өтінім берген сәттен бастап күнбе-күн алынуы тиіс);
— ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде анықтама берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасқан күні және атқаратын лауазымы мен лауазымдық жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан берілген анықтама. Ресми бланк болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуға тиіс;
— Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар; (қызметтік тізім, еңбек кітапшасы және т. б.);
— еңбек қызметінің бүкіл кезеңі үшін зейнетақы аударымдары туралы көшірме;
— өтініш берушіге немесе оның отбасы мүшелеріне (жұбайы, балалары) мүгедектігі туралы анықтама (бар болса);
— ерлі-зайыптылардың екеуіне де соңғы 6 айдағы табысы туралы жұмыс орнынан анықтама (егер ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істеген жағдайда).
ЖК болып табылатын қатысушылар үшін:
1. ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
2. Салық органынан қарыздың жоқтығы туралы анықтама;
3. Өткен есепті жылдағы салық есебі (ф. 200, ф. 240, ф. 220);
4. Соңғы есепті жылдағы кәсіпкерлік қызметке патент;
5. Соңғы есепті жылдағы кәсіпкерлік қызметке патент (форма 911.00);
6. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін соңғы есепті жылдағы оңайлатылған декларация (форма 910.00);
7. Салық төлеушінің салық есептілігін ұсынуы туралы хабарлама (растау);
8. ЖК қызметін растау үшін қажетті қосымша құжаттар.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
01.11.2022-ден 01.12.2022-ге дейін, жұмыс күндері дүйсенбі-жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін түскі үзіліс.