«Былтыр Алматы облысы екіге бөлінді. Біраз уақыт өткен соң Қонаев қаласына көшіп келген мамандарға пәтер жалдау үшін көтермеақы төлене бастады. Оның ішіне мысалы мемлекеттік қызметкерлер кіретінін барлығымыз білеміз. Ал облыстық ТЖД мамандары тікелей министрлікке қарағандықтан, аталған мәселені біз де көтердік. Тек осы өңірде емес, барлық аймақтарда қызмет етіп жүргендерге көтермеақы төлеу мәселесін шешу үшін 2027 жылға дейінгі кешенді жоспар жасадық», — деді Ибрагим Күлшімбаев.
Егер көтермеақы төленетін болса, төтеншеліктердің әлеуметтік жағдайы жақсармақ, деп сендірді вице-министр. Бұған қоса, жиында ТЖ мамандарының еңбекақысы өсетіні жайлы да сөз етілді.
«Көтермеақы көлемі қандай болатыны белгісіз. Әзірше, Азаматтық қорғаныс туралы Заңға өзгеріс енгізіп, Үкімет қарауына жібердік. Бұл мәселе жыл соңына қарай өз шешімін табады», — деді вице-министр.