Ер адам видеода ақшаны алған соң ол адамдар өздерін жібере салғанын айтады.
Алматы облысы ПД желідегі аталған видеоға қатысты түсінік берді.
«Видео авторының шағымы бойынша облыстық ПД қылмыстық іс тіркеді. Қазіргі уақытта өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері барлық тергеуге қажетті іс-шараларды жүргізіп жатыр. Шағымданушының дәлелдері расталса, кінәлі лауазымды адамдарға қатысты қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес шаралар қабылданатын болады», — деді полициядағылар.
Сонымен қатар, ПД көрінеу жалған ақпарат жасаған және жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын да ескертеді.
Тергеу мүддесіне сай өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.