Алматы қаласы Полиция департаменті жүргізген арнайы операция нәтижесінде синтетикаларды көтерме саудамен өткізбек болған мегаполис тұрғыны ұсталған. Зиянды затты қолдан-қолға тасымалдап жүрген Алматы облысының тумасын да тәртіп сақшылары құрықтады. Жас жігіттен мефедронмен бірге 265 оқшауланған түрлі-түсті орама табылған.
«Ұсталған Алматы облысының тумасы есірткі сатумен тұрақты түрде айналысып келген. Ол қылмыстық әрекетін өткен жылы курьер ретінде бастаған. Алты айдан кейін ол синтетикалық және психотроптық заттарды әртүрлі жерге тығып кетуді бастаған. Соңғы әрекеті ол салмағы 200 грамнан асатын, үлкен мөлшерде орамалар әзірлеп, әртүрлі жерге тығып кеткен», – деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.