Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысының тұрғындарына ҮАААЖ-мен (БАКАД) жүруге жеңілдік қарастырылған

Бұл туралы Іле ауданының әкімдігінде өткен брифингте Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

24.05.2023
Аймақ

Брифингте Үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақысы туралы халыққа түсіндірілді. Мысалы, жеңіл көліктерге бір реттік кіріп-шығу бағасы 240 теңге, салмағы 2.5 тоннаға дейінгі жеңіл көліктер 414 теңге, салмағы 5.5 тоннаға дейінгі жеңіл автокөліктер 759 теңге, салмағы 10 тоннадан жоғары көліктер 1 483 теңге, салмағы 15 тоннадан жоғарылар 2484 теңге төлейді.

Фото: Дамир Нұрқасым

«Сондай-ақ Алматы облысындағы Қарасай, Іле, Талғар ауданының тұрғындары үшін жеңілдік қарастырылған. Олар үшін 1 айлық абонемент 1725 теңге болса, 1 жылға 6 АЕК көлемінде ақы төлеп, абонемент ала алады. Жеңілдікке ие болу үшін көліктер осы аймақтарда тіркелуі тиіс. Есеп бойынша қазіргі таңда мұнда 300 мыңға жуық көлік бар», — деді спикер.

Спикердің сөзінше, преференция (бір жылға немесе бір айға абонемент) алу механизміне сәйкес, ҮААЖ өкілі әкімдікте немесе әр ауданның халыққа қызмет көрсету орталығында отыратын болады. Онда жолды пайдаланушы тұлға RFID-белгілерін (көлік туралы мәліметтерді оқу және есептеу жүйесі) алады. Егер абонемент ақысы дер кезінде төленбесе, тариф бойынша төлем жүргізіледі.

Фото: Дамир Нұрқасым

Аталғандардан бөлек, Жамбыл Бақтияр ҮААЖ еліміздің тарихында бірінші рет инвестор арқылы жүзеге асырып отырған теңдессіз жоба екенін атап өтті.

«Бұл жоба 2000 жылдың басында жоспарланған. Бірақ экономикалық жағдайға байланысты кейінге қалдырылып, 2020 жылы қайта қолға алынды. 2023 жылы маусымның екінші жартысында қолданылуға берілмек. ҮААЖ ерекшелігі 16 жыл бойы жөндеу, сырлау, әрлеу жұмыстары осы жолды салған, түріктің «Alarko contracting group» компаниясы мен кореялық «Makyol» компанияларының инвесторлардың құзырында болмақ», — деді Жамбыл Бақтияр.

Тегтер: Алматы облысыБАКАДҮАААЖ

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz