Ғимараттардан шыққан кезде қар массаларының, шатырлардағы мұзға назар аудару керек, құлауы мүмкін жерлерді айналып өту керек. Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет.
Көліктерді ғимараттар мен құрылыс нысандарының жанында қалдырмаңыз, олардың шатырына ілінген мұз бен қар еруі мүмкін.
Қызмет көрсететін ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес шатырларды тазалауды ұйымдастыруы қажет.
Сондай-ақ төменде, қар төгілетін жерлерде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салатын қоршаулар мен белгілер орнатылады.