Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысының тұрғындары жарықсыз отыр

Алматы облысындағы Қарасай ауданына қарасты Көктоған ауылының тұрғындары жарық пен ауыз суға зәру, деп хабарлайды Almaty.tv.

16.08.2023
Аймақ

«Көктоғанда жарық мәселесі бір емес, бірнеше мәрте көтерілген. Алайда әлі күнге дейін шешімін таппай келеді». Осылай деген ауылдағы ағайын ауа-райының бұзылмағанын тілейді. Себебі үп еткен жел тұрса, жарық өшеді де қалады екен.

«Екі күннің бірінде найзағай соқса, жел соқса, жарық өшіп қалады. Кеше кешке өшкен, бір тәуліктен бері жарық жоқ. Ауылды жерде тұрғандықтан сиыр сауамыз. Бірақ сүт, тағамның бәрі ашып жатыр», – деді Көктоған ауылының тұрғыны Ғалия Байботанова.

Көктоғандықтардың сөзіне сенсек, жауаптылардан әрекет болмаған соң, өздері жарықсыз отырмаудың қамын ойластырған. Мынадай ескі бағандардың басына шығып, үзілген тоқ сымдарын тұрғындар жалғайды екен.

Тұрғындар тоқ сымдарының үзіліп, көше бойында жататынын да жасырмады. Бұл жағдай бала-шағаның сорына айналмаса болды деп алаңдап отыр.

Ал жарық сөнсе, тұрғындар ауыз судан қол үзеді. Себебі құдықтағы тіршілік көзін электр тоғы арқылы алады. Ауылдықтарды алаңдатқан мәселе көп. Әр көшеден келген көктоғандықтар елдімекеннің жай-күйін айтып, жауаптылардың «жауапсыздығын» сөз етті.

Әкімдік өкілі ауылдағы мәселенің бәрін біртіндеп шешуге тырысып жатқанын айтып ақталды. Ал жарықтың жайы қыркүйектің соңына дейін шешілетініне сендірді.

«Қазір тоқтың күші аз болғандықтан, Көкөзек ауылында жаңа станса салынып жатыр. Қыркүйекте аяғына дейін жүмысы аяқталады. Сол кезде мәселенің бәрі шешіледі деп ойлаймын», – деді Елтай ауылдық округі әкімдігінің орынбасары Біржан Белғожаев

Ал ауылды жарықпен қамтып отырған компания өкілдері бұл олқылықты қолайсыз ауа-райымен байланыстырды. Қауіпті әрі ескі бағандарды тек бір-екі жылда ауыстыратынын айтты.

Тегтер: Алматы облысыжарық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz