Мамандардың мәліметінше, 2025 жылғы 22 қаңтардан бастап Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызмет көрсету бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарттың болмауына байланысты денсаулық сақтау басқармасының арнайы бұйрығы шыққан.
Қай тұрғындар қай ұйымдарға бекітілді?
Құжатқа сәйкес, тіркелген тұрғындар аудандық медициналық ұйымдарға қайта бөлінген.
Атап айтқанда:
-
«Интермедикал» ЖШС-не тіркелген 8 831 адам және
-
«BRT Clinic» ЖШС-не тіркелген 1 513 адам
«Талғар аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ға бекітілді.
Ал:
-
«МЕД ЦЕНТР “МЕДИНА”» ЖШС-не тіркелген 3 828 адам
«Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасына» бөлінді.
Мамандардың айтуынша, тұрғындарды аумақтық қағида бойынша қайта бөлу олардың таңдау құқығын шектемейді.
Әрбір азамат алғашқы медициналық-санитарлық көмекті алу үшін медициналық ұйымды өз қалауынша таңдауға құқылы.






