Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысының тұрғындары электр желілерінің ескіргеніне наразы

«Жарықсыз, жолсыз күн кешіп келеміз». Алматы облысы Елтай ауылының тұрғындары көшенің талай жылдан бері жөнделмегенін айтып, шағымданды.

03.05.2023
Аймақ

«Жолға бөлінген қаражат толық игерілмеді» деген ағайын жарықпен жеке компания қамтамасыз ететінін алға тартты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұң шаққан халық мәселенің май шаммен қаралуын талап етті. Тұрғындардың айтуынша, миллиондап қаржы бөлінсе де, іс бітер емес. Құрғақ уәдеге тойған жұрт осы күнге дейін талай табалдырықты тоздырған.

«Алты айда 6 миллион мүлде жоқ. Жолға төгілген шиыршық тастың құны 6 миллион тұрмайды. Қалыңдығы 5-ақ сантиметр. Жаңаәділ, Басар деген 2 көше бар, ол жаққа жеткен де жоқ», – деді Елтай ауылының тұрғыны Назгүл Еслямова.

Тұралап қалған түйткілді тұрғындар Қарасай ауданы әкімінің алдына барып та айтты. Елтай ауылдық округінің халқымен кездесуге келген Жасұлан Естенов елді мекендерге жол жасалып, жарық берілетінін айтты.

«2022 жылы жолға орташа жөндеу жұмысын жүргізу үшін тендер ойнатылды. Ақша біздің ауылдың қаражатынан бөлінген. Қазіргі нарық бағасымен есептегенде 10 миллион теңге асфальт төсеуге жетпейді», – деді Елтай ауылдық округінің әкімі Біржан Белқожаев.

Жұртты алаңдатқан тағы бір жайт – жарық мәселесі. «Электр желілерінің көп бөлігі ескірген, жел тұрып, күн суытса қуаты жетпей, тас қараңғыда қаламыз» дейді көпшілік. Тұрмыстық техниканың сау-тамтығы қалмай, шам жағып отырған күндері де болған.

Жекеден 28 теңгеден жарық алып келген жұрт, жанталасып жүріп тоқ реттегіш трансфарматорды әкімдікке қойғызыпты, бірақ жарық сол қалпы жиі өшеді, бағасы да арзандамаған.

«Трансформатор жекеменшік жерде тұр. Оған мемлекеттік акт шығарып, жердің мақсаттық бағытын ауыстыруға берілді. Осы комиссия шешімімен үкіметке тапсырып, АЖК-ға өткізіледі», – деді Елтай ауылдық округінің әкімі Біржан Белқожаев.

Елтай ауылдық округіне 9 ауыл кіреді. 18 мың халқы бар елді мекенде шешілмеген шаруа шаш етектен. Оны әкімдік өкілдері де растап отыр. Тіпті жылда бөлінген бюджеттен бөлек, ауылда «үнемделген қаржыны тисті жеріне жұмсап жатырмыз» деп ақталды. Ал ауыл адамдары арызын айтып, «ақшасы игерілмеді» деген көшеге бөлінген 11 миллион теңге тек 1 шақырым 800 метрге ғана шиыршық тас төсеуге арналған.

Тегтер: Алматы облысыелтай ауылыжарықэлектр желісі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz