Әлем чемпионатына 17 мемлекеттен 200-ге жуық спортшы қатысты. Дүниежүзілік дода ұлттық ойынымыздың рапид және блиц түрлері бойынша болды.
Блиц түрінен: 15 жасқа дейін оқушылар арасында шахматтан және үстел ойындарынан МБЖСМ оқушысы Есентай Арсен – 2 орынға, Жамбыл ауданы БЖСМ оқушысы Қуатжанқызы Назира – 3 орынға ие болды.
Ал, рапид түрінен 17 жасқа дейін оқушылар арасында шахматтан және үстел ойындарынан МБЖСМ оқушысы Батыр Ернұр – 1 орынды иеленді.
Еске сала кетейік, зияткерлік ойын 2019 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары қатарына қосылған еді.