Желдің екпіні ертең 15-20 м/с болады.
«Алматы облысының құтқарушылары азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз», — деп хабарлайды Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.