Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына ескерту жасады.
Құтқарушылар азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
«Алматы облысының аумағында Іле Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», — деп хабарайды Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.