Алматы облысының прокуратурасы Талғар қаласында кісі қолынан қаза болған жасөспірім Шерзаттың өліміне байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Прокуратура бұл істің ерекше бақылауда екенін атап өтіп, 7 күдіктінің ұсталғанын және соттың оларды қамауда ұстауға санкция бергенін мәлімдеді. Тергеу әділ әрі объективті жүргізіліп, барлық кінәлілер жауапқа тартылатынына кепілдік берілді.
Шерзаттың отбасы барлық қатысы бар адамдардың жазалануын талап етіп отыр. Алматы облысы полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, жағдайды Ішкі істер министрлігі ерекше бақылауға алғанын хабарлады.