Полицейлер «Mitsubichi» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік салонынан 25 канистр химиялық сұйықтық табылды.
«Тергеу іс-шарасы барысында Алматы облысы полиция қызметкерлері тыйым салынған заттарды дайындаған 29 жастағы күдіктіні әшкерелеп, Междуреченск ауылына жақын маңдағы шаруа қожалығының аумағында орналасқан есірткі зертханасын анықтады. Ұсталған адамның зертханасынан шамамен 1 500 литр прекурсор тәркіленді», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.
Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша тергеу басталды. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, күдікті қамауға алынды.