Тарқатып айтсақ:
1. Өндіріс саласы — G4 city жобасын негізге ала отырып, қала аумағында өндірістік аймақ бой көтеретіні баршамызға мәлім. Қазіргі таңда аталған аумақтың инфрақұрылым реттеу, электр тогымен қамтамасыз ететін қосалқы стансаның жобалық-сметалық құжаты жасалып жатыр. Өндіріс аймағының құрылысы толық аяқталған соң 40 мың адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.
2. Туризм саласы — 2023-2024 жылдары қаланың туризмін дамыту үшін 12 млрд теңге инвестиция тартылады. Келешекте «Қапшағай су қоймасына» жеке статус беріледі. Көлдің жағалауына заманауи демалыс орындарын салып, дамыту үшін арнайы бағдарлама жасалды.
3. Ауыл шаруашылығы — Қапшағай көлінің аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 14,5 мың гектар жер бар. Ескі суару жүйесін жаңалау жұмыстары жүріп жатыр.
4. Шағын және орта бизнесті дамыту — қаланың маңында орналасқан ойынханалар шаһарға мультипликативті эффект береді. Казинолар тұрғындарды жұмыспен қамтып қана қоймай, қаладағы кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатқан. Бірі — ойынханаға қызмет көрсетсе, бірі — казиноны азық-түлікпен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Сондықтан экономиканы дамытуды да осы тұстан бастау керек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram