Ресми ақпаратқа сүйенсек, облыста мемлекеттік өртке қарсы қызметтің 13 өрт сөндіру бөлімшесі бар. Бұл бөлімшелер 109 техникамен қамтылған. Мұндағы қамтылу деңгейі 85,3 пайызды ғана құрап отыр. Биыл жергілікті бюджет есебінен 18 дана өрт сөндіру-құтқару техникасы сатып алынады. Ал елдімекендерді қызыл жалыннан қорғауды күшейту үшін 18 өрт сөндіру депосын салу қажет.
«Қазіргі таңда жергілікті бюджет есебінен Нарынқол ауылында депоның құрылысы жүріп жатыр. Биылғы жылдың 3-тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ Кеген ауылында модульді өрт сөндіру депосын салуға бюджеттен 459 млн 838 мың теңге бөлінді. 2023-2024 жылдары Шамалған стансасы мен Нұра ауылында нысан салына бастайды. Облыс орталығында депо салу үшін жобалық-сметалық құжаты дайындалып жатыр», – деп жазды ТЖД.
Алматы облысынан Абай облысына көмекке 31 адам және 9 техника барды.