Аталған байқауда “Қарғалы-2 мамандандырылған лицейінің” физика пәнінің мұғалімі Турсын Есжан жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленіп, I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Республикалық хакатонның мақсаты – педагогтердің инновациялық әлеуетін арттыру, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру және білім беру үдерісіне жаңа заманауи әдістерді енгізуге қолдау көрсету.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай кәсіби алаңдар мұғалімдердің шығармашыл ізденісіне серпін беріп, оқу сапасын арттыруға бағытталған тиімді құралға айналып келеді.






