«2022 жылғы 1-30 қазан аралығында Алматы облысының логотипінің эскизін әзірлеуге жарияланған конкурс ережесінің талаптарына сәйкес келмеуінен байқау қайта жарияланды», — деп хабарлады облыс әкімдігі.
Конкурсқа қатысу шарттары:
- жеке және ұжымдық жобалар қабылданады;
- байқауға бірнеше жұмыс ұсынуға болады;
- конкурсқа материалдар түсіндірме жазбамен (көлемі 300 сөзден аспайтын мәтін, логотиптің жалпы идеясы мен бөлшектерін сипаттай отырып) JPG, PNG (дюйміне 300 dpi) форматтарында электрондық түрде ұсынылады;
- өтінім мен конкурстық материал электрондық мекенжайға жіберілуі тиіс: a7fazylova@gmail.com
Байқау шарттарына сәйкес, жаңа логотип Алматы облысының мәдени, географиялық, тарихи ерекшеліктеріне негізделе отырып жасалуы керек. Сонымен қатар логотип көркемдік-эстетикалық талаптарға сай келетін бейнеде жасалуы қажет.
Бұдан бөлек, өңірдің ресми таңбасы кез келген қолдану әдісімен көшіруге жарамды болуы тиіс.
Логотип эскиздерін бағалау критерийлері:
- өлкенің тарихи-мәдени және географиялық ерекшеліктерінің көрінісі;
- көркемдік деңгейінің жоғары болуы;
- түпнұсқа дизайн;
- түстердің үйлесімділігі.