Соңғы бірнеше жылда Алматы облысының экономикалық дамуы жаңа деңгейге көтеріліп, көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Қазіргі уақытта өңірге жергілікті және шетелдік инвестицияларды тарту белсенді жүргізілуде. Инвестиция көлемі бірнеше есе артты, бұл тек сарапшылардың емес, облыс басшылығының да назарында. Бұл жетістіктермен тоқтап қалмай, өңірдің әлеуетін одан әрі дамыту маңызды екенін Alataunews.kz хабарлайды.
Инвестиция көлемі мен экономикалық көрсеткіштер
2022 жылы облысқа 609,1 млрд теңге инвестиция тартылса (ИФО – 114,1%), 2023 жылы бұл көрсеткіш 705,3 млрд теңгеге жетті (ИФО – 110,7%). 2024 жылға жоспарланған инвестиция көлемі 1020,0 млрд теңге. Ал ағымдағы жылдың нақты түскені 677,9 млрд теңге (ИФО – 123,8%), бұл айлық жоспардың 86,9%-ын, жылдық жоспардың 66,46%-ын құрайды.
Салалар бойынша негізгі көрсеткіштер:
• Өнеркәсіп – 203,5 млрд теңге;
• Көлік және қойма шаруашылығы – 179,3 млрд теңге;
• Ақпарат және байланыс – 3,8 млрд теңге;
• Білім беру – 63,12 млрд теңге.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымында жеке қаражат – 404,5 млрд теңге, бюджеттік қаражат – 122,9 млрд теңге (республикалық бюджет – 42,3 млрд теңге, жергілікті бюджет – 80,6 млрд теңге).
Тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ)
2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысына тікелей шетелдік инвестициялар жалпы ағыны 880,2 млн долларды құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 128,2%-ға көп (686,6 млн доллар).
2024 жылдың ІІ тоқсанында өңірге 143,5 млн доллар тікелей инвестиция тартылды (І тоқсан – 141,5 млн доллар). Жоспар бойынша жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 527 млн долларды құрауы тиіс.
Трансұлттық компаниялардың жобалары
Өңірде трансұлттық компаниялар (ТҰК) белсенді жұмыс істеуде. Құрылыс және жобалау кезеңдерінде келесі ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр:
1. PepsiCo (АҚШ) – «Lays» чипстерін өндіру жобасы, жалпы сомасы 200 млн доллар.
Ағымдағы жағдай: жер учаскесі рәсімделген, мемлекеттік сараптама мақұлданған.
Мәселелер: жаңбыр суы канализациясына техникалық шарттар, кабель трассасының СТУ.
2. Focus Logistics және OZON (Ресей) – А класты қоймалар құрылысы, жалпы сомасы 151 млн доллар.
Ағымдағы жағдай: қойманың негізгі құрылыстары 90%-дан астам орындалған, инженерлік желілер мен инфрақұрылым толықтай аяқталуға жақын.
3. Строитель 98 (Ресей) – А класты логистикалық кешен құрылысы, жалпы сомасы 100 млн доллар.
Ағымдағы жағдай: мемлекеттік акт алынды, техникалық шарттарға өтініш берілді.
4. KT&G (Оңтүстік Корея) – темекі өнімдерін өндіру жобасы, жалпы сомасы 204 млн доллар.
Ағымдағы жағдай: өндірістік және әкімшілік ғимараттардың ішкі жұмыстары аяқталуда.
Жүзеге асырылған жобалар
• ТехноНИКОЛЬ (Ресей) – 100 млн долларға жылу оқшаулағыш материалдар зауыты іске қосылды.
• Jiangxi Copper (Қытай) – 290 млн долларға вольфрамды терең өңдеу кешені іске қосылды.
2023–2027 жылдары жүзеге асырылатын жоғарыда аталған жобалар өңірге 835 млн доллардан астам тікелей инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Бұл Алматы облысының экономикалық және инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыруға ықпал етеді.