Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысының бюджеті 2022 жылы 5 рет қайта қаралды

Алматы облысы қаржы басқармасының басшысы Бибігүл Ұзақова 2022 жылы бюджеттің атқарылуы туралы айтып берді

27.01.2023
Аймақ

Оның айтуынша, өткен жылы облыс бюджеті бес рет қайта қаралып, 24 рет түзетілген.

«Кірістер бойынша (трансферттерді есептемегенде) жылдық жоспар 37,2 млрд. теңгеге асыра орындалды (салық түсімдері – 108,3%, салықтық емес түсімдер – 138,3% және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер — 180,9%). Бұл ретте, жеке тұлғалардың («NetBet» ЖШС) ұтып алуынан түсетін түсімдердің төмендеуіне байланысты облыс кірісіне ЖТС бойынша 8,8 млрд. теңгеден астам түсім түскен жоқ. Салықтың осы түрі бойынша жыл ішінде жоспар 7,2 млрд. теңгеге кему жағына қарай екі рет түзетілді», — деп хабарлады ведомство басшысы.

Ол трансферттер бойынша жоспар 67,4%-ға орындалғанын атап өтті (жоспар – 434,6 млрд. теңге, іс жүзінде – 293,1 млрд. теңге). Негізгі себеп Жетісу облысына 143,3 млрд. теңге көлемінде субвенция беру болды (бұрын түскен қаражатты Алматы облысына беру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің болмауына байланысты).

Аудандық бюджеттердің шығыстары 369,9 млрд. теңге сомасына игерілді, бұл жылдық жоспарға 99,4% құрайды. Игерілмеген 2,2 млрд. теңге қалды (524,6 млн. теңге — үнемдеу, 156,7 млн. теңге — сот талабы, 991,5 млн. теңге — шарттық міндеттемелерді орындамау, 120,3 млн. теңге — конкурстық рәсімдерді уақтылы жүргізбеу және шарттарды тіркеу және 135,9 млн. теңге — дұрыс жоспарлау).

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы және ағымдағы трансферттерді игеру 228 млрд. теңге сомасында немесе жылдық жоспарға 98,7% орындалды.

Орындамау 2,9 млрд. теңгені құрады (449 млн. теңге – бюджет қаражатын үнемдеу, 1,2 млрд. теңге – жұмыс кестесінен артта қалу, 309,2 млн. теңге – ЖҚС түзету және 933,8 млн. теңге – орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау).

Облыстық бюджеттің шығыстары жоспар 607 млрд. теңге болған кезде 461,6 млрд. теңге сомасына игерілді немесе 76% (орындау субвенциясын есепке алмағанда 99,5%). Игерілмеген қаражаттың жалпы сомасы 145,4 млрд теңгені құрады.

Тегтер: Алматы облысыбюджет

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области состоялся диалог с молодежью о новой Конституции

Николай Иващенко
22.02.2026

Пять тысяч военнослужащих приняли участие в масштабной проверке Десантно-штурмовых войск

Николай Иващенко
22.02.2026

Подростка привлекли к ответственности за ложное сообщение о теракте в Костанае

Николай Иващенко
22.02.2026

Два рыбака застряли на отколовшейся льдине на Капчагае

Николай Иващенко
22.02.2026

Минторговли намерено увеличить экспорт готовой продукции Алматы и Алматинской области на 1,5 млрд долларов США к 2030 году

Николай Иващенко
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz