Үш ауысымды мектептер
Өңірде 51 мектеп үш ауысымда оқиды. Аталған мәселені жою мақсатында 15 750 орындық 16 мектептің құрылысы жүріп, оның 9-ы бүгін қолданысқа берілді. Қалған 5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. 2 мектептің құрылысы 2024 жылға өтпелі.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 5 ауданда және Қонаев қаласында жобалық қуаты 68 200 оқу орны бар 53 жалпы білім беретін мектеп салу жоспарланды. 2023 жылы 24 900 орындық 26 мектептің құрылысы басталды, ал 2024 жылы 29 700 орындық 27 мектеп құрылысы басталады деп күтілуде.
Мектептерге жөндеу жасау
12 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, оған бюджеттен 12,1 млрд.теңге бөлінді. Оның төртеуі жыл соңына дейін, ал қалғаны тек келесі жылы ғана пайдалануға беріледі.
Балаларды ыстық тамақпен қамту
Бастауыш сыныптарда білім алатын барлық 113 240 оқушыны тегін ыстық тамақпен қамту үшін 4 айға қажетті 4 млрд. 529 млн қаражат бөлінді. Жалпы бір жылға ыстық тамаққа қажетті қаражат 12 млрд теңгені құрайды.
Оқушылар тасымалы
Тағы бір өзектілік – оқушыларды тасымалдап оқыту проблемасы. Өкінішке орай, жергілікті жердегі автопарк автобустарының техникалық жағдайы төмен болатын. Аталған мәселе де шешімін тауып, лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында облыс мектептеріне 2 млрд. 272 млн теңгеге жаңа үлгідегі 34 автобус сатып алынды. Халқы тығыз орналасқан аудандардағы 199 елдімекеннің 30 764 оқушысы тасымалдау арқылы оқып жатыр. Өңір басшысы 20 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданына 5, Жамбыл ауданына 2, Талғар мен Іле ауданына 13-тен, Ұйғыр ауданына 1 автобустың кілтін табыстады.
Мұғалімдердің жағдайы қалай?
2020-2023 жылдар аралығында облыстағы 35 333 педагогтың еңбекақысы 100 пайыз көтерілді. Бұл мақсатқа республикалық бюджет есебінен 2023-2025 жылдарға барлығы 253,3 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Сонымен қатар 28 923 педагогқа біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге 2023-2025 жылдарға 92,6 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Бұдан басқа, мектептерде 3 107 дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін 2023-2025 жылдарға 2,3 млрд. теңге ақша жұмсалған. Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге тартылған 26 үздік педагогке 2023-2025 жылдарға 12,7 млрд.теңге бөлінген.
Биыл 5 222 педагог пәндік құзыреттілік бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.