Алматы облысында «Сергек» камералары қойлыды. Әр ауданнан жедел басқару орталықтары ашылып, бейнебақылау жүйесі толыққанды жұмыс істемек. Бұл туралы alataunews.kz жүйе әзірлеушісінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жоба аясында 9 мыңнан астам қоғамдық бейнебақылау камералары мен 325 аппараттық-бағдарламалық кешен орнату жоспарланған. Әр ауданда жедел басқару орталықтары құрылып, олар камералардан түсетін деректерді жинау, бейнебақылау жүйесін қадағалау және төтенше жағдайларда полицияның үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету міндеттерін атқарады.
Сонымен қатар, көлік ағынын талдау, бақылау және болжау мақсатында цифрлық технологияларды белсенді қолдану көзделуде.
Қазірдің өзінде Жамбыл ауданында 800 камера орнатылған болса, Талғар ауданында жұмыстар жалғасуда. Ауқымды жобаны жарты жыл ішінде толығымен іске асыру жоспарланып отыр. Жол кешендерін орнату үшін орындарды таңдау жұмыстары полиция құзыретіне жүктелген.