Баяндамада өзекті мәселелер, оның ішінде инвестициялар көлемі, өнеркәсіптік өнім, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының аграрлық секторын дамыту және жетістіктері қарастырылды. Аудан әкімі шаруалардың «Ауыл аманаты» бағдарламасының жеңілдетілген несиелеріне деген қызығушылығының артып келе жатқандығы туралы айтып берді.
Сонымен қатар, аудан басшысы аудандық «Шарын кредиттік серіктестігі», «Кең дала», «Іскер», «Агробизнес» жобалары 123 млн. несие ұлттық валютада берілгенін айтты. Кездесу барысында аудан әкімі проблемалық мәселелердің бар-жоғын жасырмады. Ол проблемаларды ерекше бақылауға алатынын, оларды шешу жолдарын қарастыратынын және нақты шаралар қабылдайтынын хабарлады.
«Құрметті Кетпен ауылдық округінің тұрғындары, алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын және халықтың әл — ауқатын жақсарту үшін барлық шаралар қабылданатын болады», — деп сөзін қорытындылады Бота Елеусізова.