Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев департамент басшысы Арсен Жакуповпен бірлесіп Алматы облысының кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Кездесу барысында өңір басшысы өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосу үшін кадрлық әлеуетті арттырудың маңыздылығын атап өтті. Резервшілер жұмыста кәсібилікке жету үшін құзыреттілікті жетілдіруі қажет.
Өз кезегінде Арсен Жакупов 270-тен астам кандидаттың ішінен іріктелген 26 резервші өз салаларында көшбасшы болуға және облыстың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуі тиіс екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда резервшілердің бірі Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы лауазымында жұмыс істеген Райымбек Иемберді басқарма бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірлік резервте болу мерзімі 2 жыл.