Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Биыл Алматы облысы билігінің күш-жігері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттерді орындауға бағытталды, оның ішінде экономиканың 6 пайыздық өсуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 10 айдың қорытындысы бойынша облыстың экономикалық көрсеткіші 108,6%-ды құрап, барлық негізгі салаларда оң динамиканы көрсетті:
- Өнеркәсіп 6,4%-ға өсті (Қазақстан бойынша – 2,6%, 5-орын);
- Сауда 9,5%-ға артты (Қазақстан бойынша – 7,3%, 8-орын);
- Құрылыс 23%-ға ұлғайды (Қазақстан бойынша – 10,2%, 10-орын);
- Көлік саласы айтарлықтай өсім көрсетіп, 20,7%-ға жетті (Қазақстан бойынша – 7,9%, 4-орын).
Тартылған инвестиция көлемі 678 млрд теңгені құрап, 23,8%-ға артты (Қазақстан бойынша – 1,9%, 4-орын). Бұл өңірге инвесторлардың жоғары қызығушылығын көрсетіп, экономикалық базаны нығайтуға ықпал етуде.