Жиында өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ тұрғындармен ашық пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.
Әкімнің айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы ел дамуының жаңа кезеңін айқындап отыр.
«Президентіміздің Жолдауында цифрландыру мен инновация басты бағыт ретінде белгіленді. Бұл – жаңа Қазақстанды құрудағы стратегиялық қадамдардың бірі», – деді Марат Сұлтанғазиев.
Сонымен қатар облыс басшысы өңір экономикасын көтерудің негізгі тетіктерін атады. Оның ішінде шетелдік инвестиция тартудың маңызына тоқталып, бұл бағытта жүйелі әрі нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Кездесуде тұрғындар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әкім барлық мәселелер назарға алынып, тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.









