Кездесу барысында облыс әкімі өңірді дамытудың негізгі перспективаларын белгілей отырып, одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
«Қазіргі таңда біздің басты бағытымыз – халықтың табысын арттыру, аумақтарды, оның ішінде ауылдық жерлерді дамыту. Өңірді газбен, сумен қамтамасыз ету және сапалы жолдар бойынша болашақ өсімге негіз қалау маңызды деп есептейміз. Дегенмен, мұны тиісті инфрақұрылымсыз елестету қиын, сондықтан біздің ынтымақтастығымыз жемісті және қоғамға пайдалы болады. Өңірде цифрлық және әлеуметтік жобалар қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде облыс орталығы – Қонаев қаласын дамытудың бас жоспары бекіту сатысында», – деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.
Өз кезегінде холдингтің бас директоры еліміздің әр өңірінде бұрын қаржыландырылған жобаларға тоқталып, Алматы облысының әкімдігі мен «Freedom Holding Corp.» холдингі арасында меморандумға қол қойылғанын айтты. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеуде серіктестік орнатуды көздейді.
«Біз қазір көріп отырған аймақты дамытуға деген көзқарастан шабыттанып, аймақтың дамуына үлес қосу үшін қызметкерлеріміздің күші мен талантын тарта алатынымызға сенімдіміз. Алматы облысы еліміздің нағыз інжу-маржанына айнала алады деп есептеймін және біз осы әлеуетті дамытудың берік іргетасын қалыптастыру үшін күш пен қаражатты жұмсауға дайынбыз», — деді Тимур Турлов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram