Кәсіпорын директоры Бақыт Болысбаевтың айтуынша, зауытта алма, абрикос шырындары мен пюресі, томат пастасы шығарылады.
Өздеріне қарасты алқапта жыл сайын 450 гектар қызанақ, 50 гектар асқабақ, 50 гектар бұрыш өсіріледі. Сондай-ақ 125 гектар алма, 205 гектар абрикос ағаштары тағы бар.
«Зауыт жылына 5700 тонна дайын өнім шығарады. Соның ішінде 2500 тонна томат, 1500 тонна алма пюресі, 1000 тонна абрикос, 500 тонна шырын, 300 тонна асқабақ өнімдері дайындалады. Маусымдық жұмысқа 270 адам тартылады», — деді кәсіпорын басшысы.
БАҚ өкілдері алқапқа арнайы барып, қызанақ көшеттерін отырғызу технологиясын көрді. Бұл жұмыстардың бәрін италиялық техника атқарады. Мұнда тамшылатып суару әдісі пайдаланылады.