Алматы облысы Қазақстандағы ең көрікті, табиғаты көз тартар аймақ ретінде көпке мәлім. Басын мұнар шалған асқар таулар, әдемі өзен иірімдерімен көмкерілген Жетісу жазықтары көрген жанның жүрегін жауламай қоймайды. Әсіресе қыс мезгілінде бұл өңір ерекше көріністерге толы. alataunews.kz қыста баруға тұрарлық ең әдемі және қызықты орындарды ұсынады.
1. Шарын шатқалы
Шарын шатқалы – шамамен 12 миллион жылдық шөгінді жыныстардан тұратын табиғи ескерткіш. Мұндай ерекше табиғи орындар ешкімді бей-жай қалдырмайды. Бұл жерлердің ландшафты сыртқы жағынан керемет құлыптарға ұқсайды. Сондықтан «Құлыптар алқабы» деген атауға негіз болған. Шатқалдың қызыл сазды қабырғалары бұл жерлерді ең көне қаламен байланыстырады және өзінің жұмбақ көрінісіне шақырады. Бұл жер экскурсиялар, пикниктер және ұзақ серуендер үшін өте қолайлы.
2. Тамғалы тас шатқалы
Табиғат пен тарихты ұнататындар үшін бұл орын таптырмас таңдау. Шатқалдағы тас беттерінде ежелгі будда жазбалары сақталған. Қыста бұл жер ерекше көркем әрі тыныш болады. Тамғалы тас Алматыдан шамамен 120 шақырым жерде орналасқан.
3. Алтын-Емел ұлттық паркі
Қыста бұл ұлттық парк ерекше сұлулыққа толы. Қармен жабылған «Әнші құмдар» және «Ақтау» тауларының көрінісі ерекше әсер қалдырады. Қыстың суығында мұндағы табиғат тыныштыққа толып, ерекше бір рухани әсер сыйлайды.
4. Көлсай көлдері
Елімізде көрікті Көлсайды білмейтіндер жоқтың қасы. Алайда оның қыстағы көрінісіне куә болған адам кемде-кем. Көлде пайда болған көк мұз, айналаны қалың қар басқандағы орман сұлулығы, жұмсақ таза ауасы бәрі-бәрі тым әсерлі. Мұнда табиғат-анадан бойыңызға қуат жинап қайтуға болады. Көл «Солтүстік Тянь-Шаньның інжу-маржаны» деп те аталады, әртүрлі биіктіктегі аттас шатқалда орналасқан. Бірінші көл (Төменгі Көлсай) теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте орналасқан. Оған автомобиль жолы салынған, жақын жерде қонақүйлер мен кемпингтер бар.
Көл өзінің таңғажайып табиғи сұлулығының арқасында ең танымал туристік бағыттардың біріне айналды. Мөлдір суы бар Көлсай жылдың барлық мезгілінде және тәуліктің әртүрлі уақытында өзінше әдемі. Қайда барсаңыз да, керемет көрініс болады. Көлге бару қыста да өте қолайлы.
5. Қайыңды көлі
Көлсай шатқалынан шығысқа қарай 11 шақырым жерде Қайыңды шатқалы орналасқан. Бұл шатқалда таңғажайып жас көл бар. Парадокс – Қайыңды көлі керемет қылқан жапырақты орманмен қоршалған. Шатқалдағы көлдің астында Тянь-Шаньдағы ең үлкен қайың тоғайы орналасқан, ол шатқалға, өзенге және көлге өз атын берді. Бұл – Алматы маңындағы ең таңғажайып орындардың бір«. Көлдің басты көрікті жері – су түбінен өскен шыршалар. Судан шығып тұрған бұл ағаштар суға батқан желкенді кемелердің мачтасына ұқсайды, бұл өз кезегінде көлге сыр береді. Сонымен қатар, әдемі таза пейзаждар сізді уақыт саяхатшысы сияқты сезіндіреді. Егер сіз үйдегі жайлылық пен жылулық атмосферасын сезінгіңіз келсе, онда сіз «Саты» қонақүйінде тұра аласыз. Ол негізгі жолға жақын орналасқан.
Көлдің атауы түрлі жапырақты теректерге байланысты қойылған. Шарын өзенінің ең батыс тармағы өзеннен қозғалатын ағаштарды тірейді де, олар суда қалады. Содан ағаш деген атау берілген.
6. Есік көлі
Іле Алатауының Есік шатқалының биігінде орналасқан көлдің сұлулығы көздің жауын алады. Есік көлі шамамен 8 мың жыл бұрын үлкен тастардың опырылып құлауының нәтижесінде, табиғи түрде түзілген ерекше көл. Ол су деңгейінен 1780 метр биікте орналасқан, көлді қайыңды орман қоршап жатыр. Көлдің қысқы көрінісі туристер үшін таптырмас әсер сыйлайды.
7. Түрген шатқалы
Талайды тамсандырған Түрген шатқалының да сұлулығы ерекше. Нулы орманы, биік шоқылары көз сүйсіндіреді. Шатқал аумағында 7 сарқырама бар. Адамдардың көп баратыны — «Аюлы» және «Тескенсу». Алғашқы сарқыраманың биіктігі 30 метр. Тап осы жерде «Сұлулық көзі» атты мұзды бұлақ орналасқан.
8. Мұзтау
Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Шырғанақ ауылындағы Мұзтауға қыс мезгілі бастала салысымен жұрт біткеннің бәрі ағылады. Ол — жер астынан арнайы шығарылған құбыр арқылы атқылап тұрған судың қатуынан пайда болатын шағын мұзтау. Зеңгір көкке атқылаған судың ұзындығы 14 метрге жетеді. Көпшілік ұшар басы шағын шыңдай Мұзтауға балаларын апарып, демалдырып қайтады. Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы