«Іле-Балқаш резерватының аумағында қамыс өсімдіктерінің жануы 2023 жылғы 2 шілдеде сағат 07.40-та жойылды. Естеріңізге сала кетейік, жалпы ауданы 6200 га болатын өрттің нақты ауданын уәкілетті мемлекеттік органдардың комиссиясы анықтайды», — делінген хабарламада.
Өрт сөндіруге ТЖ департаментінің 47 қызметкері мен 5 бірлік техникасы, 2 жүзу құралы мен 1 ұшу аппараты және «Іле-Балқаш «ГПР» РММ 25 адамы, 10 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер шанц аспаптары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу сөндірді.
Өртті сөндіруді батпақты жерлерге жетудің қиындығы мен кіреберіс жолдардың болмауы қиындатты. Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау мақсатында қосымша 8 адам және 4 бірлік орман шаруашылығы техникасының күшімен минералдандырылған жолақ төселді. Елді мекендерге қауіп төнбеген.
«Ғарыш сапары» «ҰК» АҚ мәліметі бойынша және пилотсыз ұшу аппаратының бақылауы ойынша бықсу және жану учаскелері табылмаған