Мұнда 20-ға жуық маман 8 түрлі әлеуметтік қызмет түрін тегін көрсетеді:
• құқықтық;
• экономикалық;
• медициналық;
• әлеуметтік еңбектік қызмет түрі;
• әлеуметтік-педагогикалық қызмет түрі;
• психологиялық қызмет түрі;
• әлеуметтік тұрмыстық қызмет түрі;
• әлеуметтік мәдени қызмет түрі.
Облыстағы жалғыз орталық ашылғанға дейін зорлық-зомбылық көрген келіншектер Алматы қаласындағы орталықтың көмегіне жүгінетін. Енді олар Қонаевтағы орталыққа ауыстырылады. Сондай-ақ бұл жерге тек полиция қызметкерлеріне шағымданған азаматшалар орналастырылады. Жалпы ғимарат 35 орынға шамаланған.
Статистикаға сүйенсек, елімізде әйелдердің 70%-ы өмірінде бір рет болса да зорлық-зомбылықты бастан кешірген.