“Жыл басынан 611 отбасылық – тұрмыстық құқықбұзушылық, 545 денсаулыққа қасақана зиян келтіру, 816 ұрып-соғу фактілері тіркелді”,-дейді Алматы облысы прокуратурасы қылмыстық қудалау басқарма басшысының орынбасары Бахытбек Батанович.
Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Ельжан Чупековтың сөзінше, әр жылы отбасылық-тұрмыстық қатынастарда жанжалдың 500-ден астам жағдайы орын алуда. Сол себепті, әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуға, отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар заң аясында жүргізілуде. Осыған орай,осы жылдың 11 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау туралы осы Заң жобасы 16 маусымнан бастап күшіне енеді.
Жалпы, заңда 15 заңнамалық актіге, оның ішінде жеті кодекске және сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді деп қортындыланды.