Алматы облысы Қопа станциясында 23 наурыз сағат 12:20-да жүк пойызының жүрісі кезінде контейнерлері бар 4 вагон рельстен шығып кетті. Пойыз Беларусьтен Алтынкөл станциясына қарай бара жатқан, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ.