Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті атқарушы органдар және төтенше жағдайлар басқармасы, «ҚазАвтоЖол»АҚ» Алматы облыстық филиалы қызметкерлерімен бірлесіп, облыс бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға жауапты «ҚажСервис» ЖШС мекемесінің қысқы мезгілге даярлығын пысықтады.
Осы бағытта анықталған кемшіліктер бойынша құзырлы органдарға тиісті ақпарат жолданды.
Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жыл басынан бері облыс аумағындағы автожолдарға 1045 тексеріс жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшілктерді жою бойынша мердігер мекемелерге 1047 ұйғарым жолданған.