ПД-ға 2 қыркүйекте сағат 21:40-та Қонаев қаласында, «Береке» кафесінің жанындағы Алматы-Өскемен Республикалық маңызы бар автожолының бойында бір топ адам көкпар ойынын өткізгені туралы хабарлама түскен.
«Сол күні 1979 жылғы азамат балаларының туған күніне орай, Қонаев қаласының шетінде көкпар ұйымдастырғаны, оған басқа аудандардың спортшылары қатысқаны анықталды. Қазіргі уақытта іс-шараның ұйымдастырушысы мен қатысушылары полиция басқармасына жеткізілді», — деп жазды Бауыржан Әленов.
Нәтижесінде көкпар ойнағандардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 434, 406, 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram