Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мамандар Дүниежүзілік сайлау күнін құра отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселесіне адамдардың назарын аударуды мақсат етті.
Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айтова Мейрамгүл Қазбекқызы жиналғандарды сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен таныстырды.
«Шараны өткізудің негізгі мақсаты жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, сайлаудың маңыздылығы мен өз таңдауы үшін жауапкершілікті сезіну, сайлау процесіне белсенді қатысу дағдыларын қалыптастыру», — деп атап өтті Мейрамгүл Қазбекқызы.
Айта кетейік, мұндай іс-шараларды Алматы облысының барлық аудандарында өткізу жоспарланып отыр.