Шараға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен бастап бірнеше ұйым қолдау білдірген.
Олимпиаданың мақсаты — жастарды білімге бағыттау, геология ғылымына қызығушылықтарын арттыру, дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету, оқушыларды елдегі геоэкология және табиғи қазбаларды қорғау проблемасына назар аударту, сондай-ақ отансүйгіштікке баулу.
Білім бәйгесіне Қазақстанның барлық түкпірінен 16 команда мен 200-ден аса бала қатысып жатыр. Олар 9-11 сынып оқушылары. Қатысушылар палеонтология, гидрология, радиометрия, минерология және петрография, пайдалы қазбалар геологиясы сынды түрлі дисциплина бойынша білімдерін сынайды. Жеңімпаз командалар грамота, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
«Геологияға деген қызығушылық тек ғылым ретінде емес, сондай-ақ экономиканың маңызды саласы ретінде қарастырылып, жас балалар үшін жетістіктерге жетіп, ғылыми жаңалықтар ашуға стимул болуы тиіс. Бұл олимпиада дәстүрлі түрде өтіп, жылдан жылға жас геологтар санын көбейтуге сеп болады», — деді «Жас геолог» КҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалым Нұржанов.
Мұнымен қоса, жеңімпаздар бірнеше университетке грант ұтып алады.