17/18 бригадасының кезекші — жас фельдшері Ернар Шалабай шақыруға шықты.
«Мен жүкті әйелді Іле ауданындағы ең жақын ауруханаға апаруды шештім. Бірақ бес минуттан кейін босанудың белсенді кезеңі басталып, жедел жәрдем көлігінде босандыруға тура келді. Әйелді аман-есен босандырып, нәрестенің кіндігін кестім. Әйел мен жаңа туған қыз Іле аудандық ауруханасына жеткізілді», — деді ол.
Ернардың айтуынша, жедел жәрдем бөлімшесінде 2017 жылдан бастап, ал соңғы үш айда Талғар ауданында жұмыс істейді. Оның тәжірибесінде жедел жәрдемде босандыру алғаш рет. Алайда осы уақытқа дейін ол үйде де әйел адамды босандырып алған.
Ернар Шалабай 1994 жылы Райымбек ауданында дүниеге келген. Ол әрдайым медициналық салада жұмыс істегісі келетінін айтады, бірақ отбасында бірде-бір дәрігер жоқ. Жігіттің дәрігер болуына анасы ықпал еткен. Ол бала күнінен анасын өзі емдеп, диагноз қойып, дәрі-дәрмек беріп, емдеуді армандаған екен.