Алматы облысы Жалпақсай ауылында газдың жарылуы салдарынан бірнеше үй зақымданып, бір үй толығымен қираған, деп хабарлайды alataunews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, үйдің иесі қаза тапқан.
«Марқұмның денесі мәйітханаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.