Дерекке сүйенсек, елде 3,7 млн адамның жоғары білімі, 4,1 млн адамның арнайы орта білімі және тағы 5 млнға жуық адамның орта білімі бар. Осылайша елде университет дипломы бар азаматтардың көрсеткіші 27%-ға дейін өскен.
Әсіресе, Алматы облысында жоғары білімді азамат көп. Саны 400 мыңнан асады. Жоғары білім бар ерлер мен әйелдердің үлесі шамалас. Жалпы 1000 адамға шаққанда жоғары білімі бар 276 адамнан келеді, 2009 жылы бұл көрсеткіш 198 адам болған.
Одан бөлек 120 мыңнан астам қазақстандықтың ғылыми дәрежесі бар. Олардың басым бөлігі жастар. Ғалымдардың 78% – магистр, шамамен 4% – PHD, 13% – ғылым кандидаты, ал қалған 4% ғылым докторы дәрежесіне ие.