Жаңа онкологиялық орталықтар 6 өңірде, оның ішінде Алматы облысында ашылады.
Медициналық орталықтарды салу жоспары туралы айта келе, министр Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жаңа онкологиялық орталықтар салынатынын айтты.
Осылайша, онкологиялық орталықтар Алматы, Атырау, Ұлытау, Жетісу және Ақтөбе облыстарында пайда болады. Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласындағы радиологиялық корпус пен хирургиялық және реанимациялық корпустарды қайта құру жоспарлануда.
«Соңғы үш жылда жаңа онкологиялық орталықтар пайдалануға берілген Маңғыстау, Павлодар және Жамбыл облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде онкологиялық орталықтарға күрделі жөндеу жүргізу көзделген», — деді Ажар Ғиният.