Салаумадин Жұмаханұлы өз заманында туған ауылынан медициналық орталық ашып, ел игіліне жұмыс істеді. Сонымен қатар, басқа аймақтардан да дәл осындай емханалардың ашылуына тікелей ықпал еткен азамат. Ол дүниеден озғаннан кейін әке жолын жалғап, аманатын орындау үшін бұл игілікті істі ұлы – Мұратжан Салаумадинұлы қолына алды.
Нәтижесінде Іле ауданына қарасты Жайнақ ауылында «Салаумадин» әмбебап емханасының іргетасы қаланған еді. Бүгінде сол кешенді құрылыс аяқталып, халыққа қызмет ететін әмбебап емхананың тұсауы кесілді.