Бүгіннен бастап Қаскелеңде қалаішілік №1 және №2 автобус бағыттары ашылды. Қоғамдық көліктер үшін субсидия Қарасай әкімдігінен қарастырылған. Жол жүру бағасы – 80 теңге, оқушылар үшін – 40 теңге. Жол ақысын қолма-қол ақшамен немесе QR-код, кез келген банк картасы арқылы төлеуге болады.
Ал Еңбекшіқазақ ауданында Есік пен Бөлек ауылына қатынайтын №2 автобус бағыты ашылды.
Қоғамдық көлік таңғы 7-ден кешкі 5-ке дейін қатынайды, жол ақысы – 100 теңге.