Мамандардың айтуынша, жанар-жағармай бағасына күнделікті мониторинг жасалып жатыр. Өңірде АИ 92 — 180 тг, АИ 95 – 215 тг және дизель отыны – 230 теңгеден саудалануда.
«Алайда ҚР Энергетика министрлігінде нақтыланғандай, 12 сәуірден бастап Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы көтеріледі», — дейді мамандар.
Басқарманың мәліметінше, қазіргі уақытта облыста АИ 92 – 2905,7 тонна, АИ 95 – 2320,7 тонна, ДТ – 1730,7 тонна қоры бар. Бұл халықты 8-10 күн қамтуға жеткілікті. Көрсеткіштер күнделікті өзгеріп отырады.
Сондай-ақ мамандар тек республикалық жанармай құю стансаларында («Газпромнефть» ЖШС, «Sinooil» ЖШС, «ҚазақОйл» ЖШС, «Royal Petrol» ЖШС, «Газ энергиясы» ЖҚС) ғана дизель отыны талонмен беріліп жатқанын айтты. Ал облыстағы желілік және шағын жанармай құю стансаларында дизель отыны жоқ.
«Дизельдің болмауы экспортқа шығып кетумен және төмен бағаларға байланысты. Ал АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин еркін сатылымда», — дейді басқарма мамандары.
Айта кетейік, өңірде барлығы 197 жанар-жағармай құю стансасы бар.