Жарыстың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Жамбы ату федерациясының президенті Ильясов Еркебұлан, сонымен қатар, ел арасында ұлттық спорттың дамуына мұрындық болып, қол ұшын беріп жүрген ел ағалары Сұлтанғазиев Елеусіз, Досымбеков Алтай, Ахметов Бекет Төлегенұлы және де спорт жанашыры меценат Дулат Тастекеев, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Сарабеков Ерболат Сарабекұлы, Алматы облысы бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Айдарханов Ержан Мұратұлы, Талғар ауданы бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Бусурманов Жандос Аянбекұлы, Алматы облысы «Жамбы ату» федерациясының президенті Алдияр мырзалар қатысты.
Іс-шараға еліміздің әр түпкір-түпкірінен 10-нан аса командалары келді.
Жарыс 4-6 қазан аралығында жалғасады. Жарыс Жамбы атудың бірнеше түрлерінен өтіп жатыр.